19.11.2025
Qazaqstan Student League чемпионы БАӘ-де өтетін халықаралық додада ел намысын қорғайды
Qazaqstan Student League чемпионы 2026 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Аджман қаласында өтетін әлемдік деңгейдегі студенттік турнирге жолдама алып, Қазақстан намысын қорғайды.
Аджман соңғы жылдары Таяу Шығыста студенттік футболдың орталығына айналып келеді. Қала жағажай туризмі мен спорттық инфрақұрылымды үйлестіре отырып, халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге қолайлы орын ретінде дамуда.
Аджманда өтетін Alma Mater студенттік ойындары Әмірліктің туристік тартымдылығын арттыруға, жасөспірімдер арасында спортқа қызығушылықты көбейтуге, әртүрлі елдің студенттері арасындағы мәдени және білім алмасуды дамытуға зор үлес қосады.
Халықаралық турнирді ISFU және Emirates Sports Group бірлесіп ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Халықаралық студенттік футбол одағы (ISFU) 2012 жылы құрылған және қазіргі таңда Еуропа, Африка, Латын Америкасы елдеріндегі студенттік командалар арасында 10 жылдан астам уақыт бойы жарыстар өткізіп келеді.

Қосымша жаңалықтар
QAZAQSTAN STUDENT LEAGUE
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті командасы – Qazaqstan Student League чемпионы
26.11.2025
QAZAQSTAN STUDENT LEAGUE
Qazaqstan Student League: финалға жолдама алған командалар анықталды
25.11.2025