Заявка на участие

QAZAQSTAN STUDENT LEAGUE
QAZAQSTAN STUDENT LEAGUE
19.11.2025

Астанада студенттер арасындағы Qazaqstan Student League футбол маусымы басталады

20-26 қарашада Астанадағы Футбол үйінің манежінде республикалық Qazaqstan Student League  студенттік футбол лигасы өтеді. Турнир Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен бастамасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Биылғы маусым 11х11 форматында өтеді және елдің жетекші жоғары оқу орындарынан 13 команда қатысады. Атап айтқанда:
  • Astana IT University
  • SDU University
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті
  • «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
  • Қазақстан ұлттық спорт университеті
  • «Тұран» университеті
  • Esil University
  • Назарбаев Университеті
  • Астана медицина университеті
  • Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті.
Qazaqstan Student League жобасы – студенттік жастар арасында спортты дамытуға, достықты нығайтуға және ортақ құндылықтарды арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Лиганың мақсаты – бұқаралық студенттік спортты дамыту, студенттер қауымдастығын нығайту, университеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, студент-спортшылардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау, оларды өңірлік және ірі жарыстарға дайындау, жоғары оқу орындарының оң имиджін қалыптастыру және спорттық дәстүрлерді насихаттау.

Қосымша жаңалықтар